«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Ауа райы» және «әңгіме». Қазақстандықтардың қай сөзді жиі қате жазатыны анықталды

Stan.kz сайты желтоқсанның 15-і күні өткен республикалық онлайн-диктант қорытындысын жасады. Диктантқа 38 500 адам қатысты. Оның ішінде 6906 азамат 5 және 4 бағасын алды.

Ең көп орфографиялық қате «ауа райы» сөзінде болған. Көпшілік бұл сөзді бұрынғы әдіспен «ауа-райы» яғни дефис арқылы жазған. Соңғы әдет пен ережеге сай бұл сөз бөлек әрі дефис қойылмай қарапайым түрде жазылады.

Ал «жайма-шуақ», «аш-жалаңаш» сияқты қос сөздердің арасында дефис қойылады, бұны көпшілік қоймаған. Диктантқа қатысушылардың біраз бөлігі шылау сөздерді кейде қосып, кейде бөлек жазған. Сондай-ақ «бір-ақ», «өзің-ақ», «досым-ай» деген сөздерде дефис міндетті түрде қойылуы керек.

Ең көп қате жазылған сөздерге тағы мысал келтіретін болсақ: «жаз» сөзінің орнына «жас» деген, «әңгіме» сөзінің орнына «әнгіме», «өлетін» деудің орнына «өлутін» деп жазғандар көп.

«Дірдектей» сөзін «дірдіктей», «әрқайсысы» сөзінің орнына «әрғайссы», «әрқайссы» деп жазған.

“Бұнымен қоса диктант жазғандардың көпшілігі «ң» мен «н» әріптерін қолдануда қателескен. Мысалы «ағасынын», «болмайсын» деп жазғандар көп», – дейді Stan.kz сайтының редакторы Назерке Мұса.

Еске салсақ, өткен 2020 жылы ұйымдастырылған диктантта 4 және 5 бағасын жалпы қатысушылардың 22%-і алған. Биыл ұйымдастырушылар диктант мәтінін күрделендірген. Оған дәлел, 5 бағасын бүкіл қатысушылардың 18%-і ғана алды. Диктант мәтіні ретінде жазушы Бейбіт Сарыбайдың «Бақытты Жамал» шағын хикаясынан үзінді алынды. Мәтінді филолог, журналист, тележүргізуші Анна Данченко, Жанат Бақыт, Мақсат Толықбай оқыды.

Жобаға қолдау білдіріп, демеушілік танытқандар: Jusan Bank, Алматы, Түркістан, Атырау,Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының әкімдіктері мен Шымкент қаласы мен Арал ауданы әкімдігі. «Алматы», «Еуразия Бірінші», «Хабар», «КТК» арналары.

Stan.kz сайты – Қазақстандағы тек қана қазақ тілінде ақпарат тарататын ең танымал ақпараттық портал. Сайттың күнделікті 200-250 мың адам оқиды.

Ұқсас ақпараттар

Тұтынушылардың 11 пайызы ғана құқығын қорғау үшін меморгандарға жүгінеді — вице-министр

admin_mugalzhar

Дәрігер душқа қай уақытта түсу керек екенін айтты

admin_mugalzhar

Ата-аналар вакцинадан бас тартуға құқылы — Денсаулық сақтау министрлігі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.