«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ҚҰМЖАРҒАН МЕН БАТПАҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ӨТТІ

Аудан әкімі Асқар Шериязданов Құмжарған, Батпақкөл ауылдық округттері әкімдерінің тұрғындар алдындағы есепті кездесулеріне қатысып, 2021 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы баяндап, 2022 жылы атқарылатын істерге тоқталды.
Бірлік ауылында өткен есепті кездесуде Құмжарған ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қанағат Қалиев округ бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарды хабарлады. Округте негізгі мәселелердің бірі болған Шеңгелши ауылындағы негізгі мектебіне бюджеттен қаражат бөлініп, мектеп ғимаратына толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін айтты.

Батпақкөл ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Бокашевтың айтуынша аудан, облыс әкімдіктерінің қолдауымен өткен жылы округте бірқатар жұмыстар атқарылған.
— Қожасай мен Саға ауылдарына балалар ойын алаңдары орнатылды. «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша Жағабұлақ ауылының 5 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанды. Сонымен қатар ангар типіндегі спорт кешенін салу жұмыстары басталып, 2022 жылы пайдалануға берілетіндігін жеткізді. Қожасай мен Саға ауылдарына ауыл кәсіпкерлерінің демеушілік көмегімен заманауи үлгідегі (светодиодты) жарықшамдар орнатылды, — деді округ әкімі.

Аудан әкімі өз сөзінде жалпы аудан бойынша атқарылған жұмыстарды баяндай келе 2022 жылы Шенгелши, Қожасай ауылдары орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылатындығын, Қожасай ауылына газ тарту жұмыстарын бастау үшін белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, Құмжарған, Жаңажол орта мектептеріне толықкешенді жаңғырту (полнокомплектная модернизация) жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлады. Сонымен қатар Қандыағаш қаласында биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Жағабұлақ ауылындағы ангар типті спорт кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталатындығын мәлімдеді.

Кездесулерде жарыссөзге шыққан ауыл тұрғындары соңғы жылдары ауданда бірқатар əлеуметтік мəселелердің өз шешімін тапқандарын айтып, толғандырған сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Діни басқарма Қадір түнін үйде өткізу керектігін айтып, халыққа үндеу жолдады

admin_mugalzhar

227 елді мекен қауіпті аймақта тұр — ТЖМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.