«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҰРПАҚТАР КЕЛСІМШАРТЫ» — ЖҰМЫССЫЗҒА МҮМКІНДІК

Жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау және халықтың табысын арттыру мақсатында әзірленген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асырылатын «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы ауданның жұмыссыз азаматтарына мол мүмкіндік береді.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Венера Урумбаева аталған жобаға оқуды екі жыл ішінде аяқтаған және 29 жастан аспаған оқу орындарының түлектері қатыса алатынын айтты. Яғни, қатысушы мекемедегі зейнеткерлік жасқа кемінде 6 ай қалған қызметкерді алмастырады. Қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос орынға ауыстырады.
— «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысу ұзақтығы 6 айдан аспайды, ал жалақыны мемлекет субсидиялайды. Осы жылы аудан бойынша 11 адамды аталған жоба аясында жұмысқа қабылдауды жоспарлап отырмыз. Жобаға қатысу үшін жұмыссыз жастар аудандық жұмыспен қамту орталығына қажетті құжаттарымен жүгінуіне болады, — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

TP-Link предлагает казахстанцам перейти на новый стандарт WIFI 6

admin_mugalzhar

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТҰРМЫСЫН ТҮЗЕМЕК

admin_mugalzhar

Димаш Токиодағы джаз фестивалінде өнер көрсетеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.