«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда әскерилердің зейнет жасы 5 жылға өседі

Қорғаныс министрлігіндегілер әскерилердің зейнет жасын көбейту туралы жоспармен бөлісті. Бұл туралы министрліктің Зейнетпен қамту орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
«Биыл әскери қызмет туралы заңға қызмет мерзімін бес жылға көбейту туралы норма мен өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты зейнет жасы да бес жылға өседі», – деді Қайыржан Бимолдин.

Бұл әскери қызмет туралы заңда әскерилер үшін бекітілген шектік жасқа тікелей байланысты. Сонымен қатар әскерилер ынтымақты зейнетке мемлекеттік бюджет есебінен шығады. Бұған дейін бұл жинақтық жүйе есебінен іске асырылып келген.

2021 жылы әскери зейнеткерлерге зейнетақы жинағындағы қаржының 50% жеткіліктік шегіне қарамастан қолдану мүмкінлігі берілген еді. Егер әскери қызметкердің жинағында 3 миллион теңге болса, 1,5 миллион теңгесін қолдануға құқығы бар.

Ұқсас ақпараттар

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЖАСТАР «ДЕМ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУДА

admin_mugalzhar

Президенттің «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасының арқасында, бала сүйе алмаған отбасыларда 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.