«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІЛІКТЕР РЕФЕРЕНДУМҒА ЕРЕКШЕ АТСАЛЫСУДА

Ембіліктер де референдумға белсенді қатысып, Жаңа Қазақстан үшін өз таңдауларын жасауда.
Бүгінде Ембі қаласында 12850 тұрғын тұрады. Оның 8259-ы референдумда дауыс берушілер.
Қалада жалпы саны 6 референдум учаскесі орналасқан. Қазіргі таңда Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістерге өз таңдауларын жасап үлгерген тұрғындардың үлесі — №315 референдум учаскесі бойынша 17,3% , №316 референдум учаскесі бойынша 14,5%, №317 референдум учаскесі бойынша 15,1, №318 референдум учаскесі бойынша 172 адам,
№319 референдум учаскесі бойынша 26,2%,
№320 референдум учаскесі бойынша 34,5% құрады. Сонымен бірге мүгедектігі бар жандарға да жағдай жасалды.
№318 референдум учаскесінде референдум салтанатты түрде ҚР Гимнімен басталды. Аталған учаске бойынша 1567 сайлаушылар ішінен алғаш болып қала тұрғыны Рафит Куниров дауыс берген. Қала әкімі Райымбек Мұсағали да отбасымен бірге референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.

Ұқсас ақпараттар

Қайсар қыздың алғашқы жеңісі

admin_mugalzhar

ДДҰ қандай жағдайда маска тағу керегін түсіндірді

admin_mugalzhar

РАМАЗАН ҚАРСАҢЫНДА ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫНЫҢ ҮНДЕУІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.