«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҮЛЕК — 2022: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ

Осы тақырып аясында мектептерде салтанатты жиын өтті.
Биылғы оқу жылында Қандыағаш қалалық №4 орта мектебін 73 түлек аяқтады. Олардың ішінде 6 «Алтын белгі» иегерлері мен 2 «Үздік аттестат» иегері бар. Салтанатты шараға қатысқан Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары Қанат Мусин түлектерге сәт сапар тілеп, ұстаздарды марапаттады.
Iс шара барысында Республикалық пән олимпиадасының жүлдегері Бекбол Бақтыбайға мектеп ұжымы атынан сыйлық табысталып, жетiстiкке жеткiзгенi үшін ата анасына Алғыс хат берiлдi. Сонымен қатар спорт жүлдегерлері облыстық, аудандық марапаттауларға ие болды. Аттестат беру iс-шарасы «Қош бол, аяулы мектебім» вальсімен аяқталды.

Ұқсас ақпараттар

Жаңатұрмыс ауылында апатты көпірдің орнына жаңасы салынды

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында 7 вокзал жөнделеді

admin_mugalzhar

Девушка выдумала ограбление после ссоры с мужчиной в Кандыагаше

admin_mugalzhar