«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛАЛАР ҮЙІНЕ БАЗАРЛЫҚ

«АMANAT» партиясының «Бақытты бала» партиялық жобасы аясында «Жаншуақ» акциясы өтті. Акцияға орай Мұғалжар ауданының мәслихат депуттаттары мен бірқатар кәсіпкерлер және ерікті топ өкілдері Мәртөк ауданы, Жайсаң ауылында орналасқан балалар үйіне барды.
Жоба аясында жиналған қаражатқа балаларға арнайы сыйлықтар таратылды. Басты демеушілік көрсеткен «Қазақойл» акционерлік ұйымы балалар үйіне теледидар алып берді. Аудан кәсіпкерлері де жобаға өз үлестерін қосып, демеушілік көрсетті. Жалпы балалар үйінде бүгінде 97 бала тәрбиеленуде. Оның 78-і үйдің балалары. Яғни жаз және қыс мезгіліндегі демалыстарда үйлеріне баруға мүмкіндік бар. Қалған 17 бала ата-ана қамқорлығынсыз қалған болса, 2 бала ата-анасынан айырылғандар. Шара барысында спорттық ойындар да ұйымдастырылды. Керемет көңіл-күйдегі балалар шараға белсене қатысты.
З.ЕСЕНЖОЛОВ

Ұқсас ақпараттар

Полиция жыл басынан бері 1 596 қылмыскерді ұстады

admin_mugalzhar

Армангүл ҚЫНАЕВА, Батпақкөл ауылдық округі: ДОСТЫҒЫМЫЗ МАХАББАТҚА ҰЛАСТЫ

admin_mugalzhar

Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.