«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОЖАСАЙҒА АУЫЗ СУ КІРЕДІ

Мұғалжар ауданында халықты сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы уақытқа дейін Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Қожасай ауылының тұрғындары үшін ауыз су мәселесі күрделі мәселелердің бірі еді. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары үшін облыс, аудан басшыларының қолдауымен аталған мәселе шешімін тауып, күзгі уақытта ауыл тұрғындарына ауыз су берілмек. Жалпы су құбырының ұзындығы 5,6 шақырым. Қожасай ауылына ауыз су кіргізу жұмыстарымен мердігер “СМУ ШЫҒЫС” ЖШС-і жұмыстанып жатыр. Өткен аптада аталмыш мердігер компанияның өкілдерімен облыс, ауданнан келген арнайы топ Қожасай ауылында кездесіп, жұмыстың жүру барысымен танысты.

Ұқсас ақпараттар

Қоғамдық орындарда 1,5 млн камера жұмыс істейді – ІІМ

admin_mugalzhar

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

admin_mugalzhar

ЕҢБЕК: ТҰРҒЫНДАР СҰРАНЫСЫ ЕСКЕРІЛУДЕ

admin_mugalzhar