«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, тізім мынадай жолдармен толықтырылады:

Қазақстан кәсіпкерлері күні – 9 қыркүйек;

Жарнама маманы күні – 19 желтоқсан.

Құжатта атап өтілгендей, ресми кәсіби мереке – Қазақстан кәсіпкерлері күнін енгізу жүздеген мың қазақстандық үшін шын мәнінде өзекті әрі маңызды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мереке бекіту жөніндегі бастама жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен елдің осы саладағы негізгі қоғамдық-саяси күштерінің шоғырлануын айғақтайтын болады, делінген құжатта.

Жаңа кәсіби мерекені «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданған күніне келтіру ұсынылады. Қазақстанда шамамен 100 мың жарнама маманы бар 2000-ға жуық жарнама ұйымы тіркеліп, жұмыс істейді.

Ұқсас ақпараттар

ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

2022 жылдың шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.