«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қысқы жылыту мауысымына дайындық туралы қала және ауылдық округ әкімдері есеп берді.
Ауылдарда орналасқан мектеп, балабақша, клуб, медициналық пункт, амбулаторияларға көмір мен сұйық отынның жеткізілу барысы бойынша аудан әкімі қала және ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, Қандыағаш, Ембі, Жем қалаларының әкімдері мен “Коммуналшы” КМК, “Ембіжылу” КМК, “Жемжылу” КМК басшылары қалада орналасқан көпқабатты үйлердің, олардың жер төлелерінің дайындығы және термомодернизациядан өтіп жатырған көпқабатты үйлердің жәй-күйі және жалпы қысқы жылыту мауысымына дайындық туралы аудан әкіміне баяндады.
Қандыағаш қаласында орналасқан “Отын” ЖШС-і филиалының директоры А.Ертаевтің айтуынша, қазіргі таңда қалада 140 тонна көмір бар, сапасы жақсы, бағасы тоннасына 18 мың теңгені құрайды.

Жеткізілетін көмірдің сапасына ерекше назар аударылды. Ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларына міндетті түрде әкелінген көмірді тексеру және акт жасау тапсырылды
Әкімдерге ауылда және қалаларда орналасқан қазандықтарды тексеріп, ол жерде жұмыс жасайтын операторлармен бірлесіп оттық пен мұржалардың дайынғын қарап, атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру тапсырылды.

Газ кіргізілген ауылдардың мектептеріне, мәдениет үйлеріне, амбулаториялар мен медициналық пунктеріне газ кіргізу жобаларының дайындығы пысықталды.
Атап айтқанда, биыл Талдысай мен Жұрын ауылының амбулаториясына және Елек ауылының медициналық пунктіне газ кіргізіледі деп жоспарлануда.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ФОРУМ: АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

admin_mugalzhar

Еліміздің түрлі бағыттардағы табыстарға жету мүмкіндігі адами капиталдың сапасына тікелей байланысты, сондықтан Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға айырықша көңіл бөлініп келеді.

admin_mugalzhar

Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.