«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда әрбір баланың Ұлттық қордан ақша аударатын есепшоты болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында балаларға арналған жаңа қор жүйесін ұсынып, ұлттық қордан қаражат бөлінуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Әрбір отбасы ел байлығынан өз үлесін алуы қажет. Мен жариялаған балалар жылы асында түбегейлі жаңа бағдарламаны балаларға арналған Ұлттық қорды іске қосуды ұсынамын. Бұл арқылы Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалардың әлеуметтік жинақ шотына аударылуы қажет. Бала кәмелетке толмайынша бұл жиналған қаражат алынбайды”, – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағдарламаның келешекте балаларға тұрғын үй мен білім алуына жұмсалатынын айта кетті.

“Бұл өскелең ұрпақтың үлкен өмірге сенімді аяқ басуына жолдама болады. Қор ұлттық мәртебеге ие болып, халыққа қызмет етеді”, – деп қосты президент.

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАР ҮЙІНЕ БАЗАРЛЫҚ

admin_mugalzhar

Елімізде екінші рет онлайн-диктант өтеді: Диктантқа қатысып, iPhone 13 ұтып ал!

admin_mugalzhar

МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТТЕ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.