«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІРЛІК АУЫЛЫНА ӨТКЕЛ ОРНАТЫЛДЫ

Аудан әкімі Бірлік ауылының тұрғындарымен өткен кездесуінде тұрғындар тарапынан ауылдың кіре берісіндегі сайға өткел салып беру туралы ұсыныс айтқан болатын. Себебі жыл сайын көктем мезгілінде қардың суы еріген уақытта өзен суы арнасынан тасығанда ауылға көлікпен кіріп-шығу қиындық туғызады.

Бұл мәселені шешу мақсатында аудан әкімі аудан аумағындағы кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде демеушілік қолдаумен өткел салынды.
Өткелді орнату мақсатында Қандыағаш қаласынан қажетті блоктар, Жем қаласынан арнайы плиталар алынып, «Мәлік» ЖШС-гі техникаларының көмегімен, ауылдың өрт сөндіру бекеті жұмысшыларының күшімен тиісті жұмыстар жүргізілді.Орнатылған өткел жеңіл авто көліктердің өтуіне арналған. Өткел маңына ауыр жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынатын белгі қойылады.

Ұқсас ақпараттар

ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 95-орында тұр

admin_mugalzhar

Экожүйе мен ауыл шаруашылығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау жолындағы нақты қадам

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.