«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.

Синоптиктер болжамынша, антициклон әсерінен елімізге күздің суық ауа райы келеді.

«Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына ауыса отырып, күздің суық ауа райын қамтамасыз етеді», — делінген хабарламада.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен, 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жаууы мүмкін: елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді және бұршақтың жаууы ықтимал.

10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.

Ұқсас ақпараттар

Бейруттағы жарылыстан қайтыс болғандардың саны 100-ден асты

admin_mugalzhar

Қазақстан Президенті мен Армения Премьер-министрі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

admin_mugalzhar

Мұнай-газ саласы экономика өсімінің басты драйвері

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.