«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ащысай ауылында соғыс ардагерлеріне арнап ұрпақтары ескерткіш алаңын салып, тақта орнатты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жарқын болашақ үшін еңбегін сіңірген, өмірін арнаған тұлғалардың есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатында орнатылған ескерткіш алаңының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов пен аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы А.Байдосов қатысып, ауыл тұрғындарын ескерткіш алаңының ашылуымен құттықтады.

Ауыл тұрғындарының демеушілік көмегімен салынған ескерткіш алаңының ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан Бижановтар отбасына, Данғұловтар отбасына, Светлана Құлымжанқызына, Саламат Алибжановқа, Мырзабай Каримовке, Бейбіт Мұқашевке, Алтынбек Тулеуовке, Әліби Қанатбаевқа округ әкімінің ұсынысы бойынша аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар табысталды.

Биіктігі — 2,10 метр, ұзындығы 6 метр болатын тақтаға 200-ге жуық ардагерлердің есімдері қашалып жазылды. Тақта ортасында «Ер есімі — ел есіңде» деген жазу және жұлдызша орнатылды.
Ескерткіш алаңының ашылуына орай ас беріліп, құран бағышталды.

Ұқсас ақпараттар

«Аманат» партиясының логотипі жарияланды

admin_mugalzhar

АНАМНЫҢ ЖОЛЫН ҚУЫП, ДӘРІГЕР АТАНДЫМ…

admin_mugalzhar

ПУТЬ ДЛИНОЮ 85 ЛЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.