«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛАДЫ

Ауданға ат басын бұрған өңір басшысы Ералы Тоғжанов Қандыағаш қаласындағы құрылысы аяқталған «ЖасSTAR» дене-шынықтыру сауықтыру кешеніне де барды. Дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы 2020 жылы басталған еді. Аталған кешеннің бірінші қабатында ойын залы мен жүзуге арналған бассейн, ал екінші қабаты атлетика және күрес залдарымен қамтылған. Жалпы Қандыағаш қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебі жұмыс жасайды. Осы мектепке қарасты 2021 жылы күрделі жөндеуден өткен орталық стадион және негізгі спорт түрлерін дамытып отырған спорт мектебі бар. Осы жылы іске қосылып жатқан «ЖасSTAR» дене-шынықтыру сауықтыру кешені үшінші нысан болып, Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына берілетін болады. Осы үшінші нысанды іске қосқан кезде жаттықтырушы мамандар, оның ішінде суда жүзуді үйрететін арнайы жаттықтырушылар қажет болады. Осыған байланысты Ақтөбе облысының әкімі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Е.Гончаровқа қосымша бірлік бөлу, дене-шынықтыру сауықтыру кешенін әрі қарай жабдықтауды және балаларға жоғары сапалы спорттық қызмет көрсету мақсатында толық жұмыс атқаруды тапсырды.
Сонымен қатар, облыс басшысы осы жерде бапкерлермен кездескен кезде балалар мен жастарды салауатты өмір салтына тартып, спортқа баулып, жалпы бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлестерін қосып жүрген жаттықтырушыларға алғысын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

АЩЫСАЙДЫҢ ТӘТТІ ҚАРБЫЗЫ

admin_mugalzhar

Париж Олимпиадасындағы алғашқы алтын жүлде!

admin_mugalzhar

Головкин мен Канело кездесуінің кестесі белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.