«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰМАУ: ЖАҢА ШТАМДАРДЫҢ ТАРАЛУ ҚАУПІ БАР

Вирустың кесірінен адамдардың еңбекке деген қабілетті едәуір төмендеп, асқынуларымен оның ішінде орталық жүйке, жүрек-қантамыр жүйелерінің зақымдалуына, пневмонияға ұласып, кей жағдайда өлім-жітіммен аяқталатынын айтады мамандар. Тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны қазан айынан басталып, қараша айына дейін жалғасады. Тұмауға қарсы ақысыз вакцинациялауға бүгінгі күнге дейін 7307 адам қатысқан. Ақылы екпе алу бойынша жұмыс берушілер тарапынан 285 адамды вакцинациялаужоспарланған. Бүгінде жоспар толықтай орындалған.

— Биылғы жылы тұмаудың эпидемиологиялық маусымына сәйкес келетін коронавирустық және вирустық инфекциялар адамның ағзасына түскен жағдайда иммунитет жүйесіне орасан күш түсіріп, денсаулық жағдайын одан әрі ауырлатуы мүмкін. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес 2022-2023 жылдары тұмау вирусының жаңа штамдары пайда болуы мүмкін. Бүгінде санитариялық мамандар өнеркәсіп нысандарына барып, тұмауға қарсы екпемен қамту туралы ақпараттық-түсіндіружұмыстарын жүргізуде. Аудан тұрғындарын тұмаудан барынша сақ болуға шақырамыз! Жылы киініп, иммунитет көтеретін тағамдар жеуіне кеңес береміз. Тұмаумен сырқаттанғанжағдайда үйден өз бетінше ем-шара жасамай, дәрігерге барып қаралуы шарт, — деді Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Радина Иржан.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады

admin_mugalzhar

ЖҰРЫН: БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — ТҰРҒЫНДАРҒА МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.