«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысы су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында

Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, — деп хабарлайды Aqtobe Media ақпараттық агенттігі.

Министрдің айтуынша, еліміз су тасқынына толық дайын емес. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жасалып жатыр.

Мәселен, 255 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл елді мекендерде 127 мыңнан астам үй мен 700 мыңнан астам тұрғын бар. Өткен жылғы су тасқыны кезінде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесі, тасқынға өзен арналарының шамадан тыс толуы, суды бұру жүйелерінің болмауы, суды қорғау белдеулеріне тұрғын үйлердің салынуы себеп болғанын көрсетті.

Министірдің мәліметінше, су басу қаупі жоғары аймақтардың қатарына Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары кіреді.

Ұқсас ақпараттар

АҚКЕМЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

Ералы Тоғжанов: Біз ардагерлерімізге Отанға деген сүйіспеншілігі мен батылдығы арқасында ұрпаққа сыйлаған бостандық пен бейбіт өмір үшін бас иеміз

admin_mugalzhar

Еуропа елдері коронавирустың өршуіне байланысты шекараларды қайтадан жабады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.