«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОТБАСЫЛАРҒА МАЛ БЕРІЛДІ

«Ауыл аманатының» алғашқы жемісін Жұрын ауылдық округіндегі қорасында малы жоқ, жұмыссыз отбасылар көре бастады. Аталған бағдарламаның тағы бір бағыты — тауарлық несие беру екендігі белгілі. Осы ретте ауданның ірі шаруашылықтары «Арман-М», «Қасай» шаруа қожалықтарымен меморандумға отырып, Талдысай, Еңбек, Жұрын ауылдық округтерінің тұрғындарына мал басын көбейту мақсатында 10 бас ірі қара және 90 бас қой берген. Мәселен, «Қасай» шаруа қожалығының төрағасы Бекболат Исенов екі жұмыссыз отбасына төрт ірі қара мал берсе, «Қонысбай» шаруа қожалығының басшысы Ғалымжан Нукусов үш отбасыға он қойдан ұсынды.

Айта кету керек, тауарлы несиенің қайтарылуы несие беруші мен алушы арасындағы жасаған келісім шарт негізінде жүзеге асырылады. Ал төлеу уақыты несиеге алынған мал жасына байланысты болады. Қажетті уақыт үшін несиені төлеуге демалыс та беріледі.

Мұғалжарлықтар арасында аталған жобаны ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Бауыржан Жолмағанбет жоба аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие берудің шарттары айтылып қана қоймай, жобаның орындалу барысы да жіті түсіндірілгенін жеткізді.Оның айтуынша, арнайы құрылған жұмыс тобы аудан бойынша Қандыағаш, Ембі, Жем және 12 ауылдық округ тұрғындарының арасында аталған жоба аясында талдау жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде 2562 мұғалжарлық жобаға қатысуға ниет білдірген. Жобаға бөлінген жалпы қажетті несие көлемі — 10 млрд 696 млн теңге. Жеңілдетілген несиеге қол жеткізуге ниеттілер өсімдік, мал, құс шаруашылықтарын дамытуға, жылыжай ашуға және шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге наубайхана, кондитерлік өнімдер өндіру, шағын тігін цехын жүргізу және шаштараз ашуына болады.

Бүгінде аталған жобаға аудан бойынша Еңбек және Жұрын ауылдық округтерінің тұрғындары қатысып жатыр. Аталған екі округ бойынша барлығы 15 жобаға 58 млн теңге бөлінді. Кәсібін кеңейтуге ниеттілер «Ақтөбе» ӘКК-на құжаттарын тапсырып та қойған.

— Еңбек ауылдық округі бойынша 11 жоба дайындалды. Оған 47,0 миллион теңге бөлінуде. Ал Жұрын ауылдық округінен 4 жоба қатысады. Ол үшін 11 миллион теңге қарастырылып отыр. «Ауыл аманаты» жобасына қатысатын 11 жоба өсімдік шаруашылығын дамытуға, соның ішінде картоп өсіруге бағытталған. Ал 3 жоба жылыжай ашып, құлпынай өсіруге арналған. Тігін цехын ашуға ниетті тағы да бір жоба дайындап жатыр. Бүгінде олар қаржыларының түсуін күтіп отыр. Сонымен қатарЖұрын ауылдық округінде 3 жобаның құжаттары тапсырылуда. Алдағы уақытта аталған жобаға қалған 13 округтің тұрғындарын қатыстыру көзделіп отыр, — деді ол.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАРҒА ЖӘДІГЕРЛЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбелік дзюдошылардың жеңісі

admin_mugalzhar

Ақылы жол жобасына 25 млрд теңге бөлінді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.