«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАТПАҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

12 ақпан күні өткен Батпақкөл ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы бойынша Мейрамбек Маратұлы Бокашев Батпақкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Мейрамбек Маратұлы 1982 жылы Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

Алғашқы еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған. Кейін Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Саға негізгі, Жаңажол орта мектептерінің директоры болған. 2019 жылдан бастап Батпақкөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

Ұқсас ақпараттар

Зейнеткерлер 1 шілдеден БЖЗҚ-дағы барлық жинақ ақшасын шеше алады

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев John Deere компаниясының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша президенті Чабо Лейкомен кездесті

admin_mugalzhar

Анталияда Абай атындағы саябақ ашылды

admin_mugalzhar