«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАРАПАЗАН АЙТЫЛЫП, ЖЫРДАН ШАШУ ШАШЫЛДЫ

Наурыз мерекесінің сәнін ауданның мәдениет саласының қызметкерлері дайындаған «Наурыз — асыл айым» атты мерекелік кеші кіргізді. Аудан өнерпаздары ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, «Наурыз — тіршілік бастауы» тақырыбында композиция дайындады.

Сахна төріне көтерілген Ұмай ана, Жер ана, Су ана мен Күн ана наурыз-тілек тілеп, елдің амандығын сұрады. Ал қыздар мен жігіттер, жеңгелер жарапазан айтып жарысты. Үлкен әжелер сахнаға шығып, ырым-тыйым, алас секілді жоралғылар жасады.

Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Асқар Шериязданов жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Мәдениет қызметкерлері ән мен жырдан шашу шашып, мың бұрала би билеп, тойшы қауымның көңілдерін көтерді.

Ұқсас ақпараттар

МӘМС: МАҚСАТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ

admin_mugalzhar

16 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЖАС ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛА АЛАДЫ

admin_mugalzhar

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

admin_mugalzhar