Мұғалжар аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті бірінші сессиясы өтті. Сессия отырысына жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасымен мүшелері қатысты.
Отырыс барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Тұғыров жаңадан сайланған аудандық мәслихат депутаттарына куәлік пен төсбелгілерін табыстады.Сессияда аудандық мәслихат депутаттарының дауыс беру нәтижесімен Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы болып Бахытжан Дүйсенұлы Кадралин сайланды.
Аудан әкімі Асқар Шериязданов жаңадан сайланған мәслихат төрағасы Бахытжан Дүйсенұлына және жаңадан сайланған аудандық мәслихат депутаттарының қызметтеріне сәттілік тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай қызмет ете берулеріне тілегін білдірді.