«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІРДЕ-БІР ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛМЕГЕН АУЫЛ

Ақтөбе облысының бес ауданында орналасқан 7 ауылда соңғы екі жылда қылмыс тіркелген жоқ. Өзгеге үлгі-өнеге көрсете білген осындай ауылдардың қатарында Мұғалжар ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі бар. Бүгінгі таңда Бұлақты ауылында 95 үйде 474 тұрғын тұрады.

Берекелі ауылдағы көз қуантатын бұл көрсеткіш – ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен құқық бұзушылыққа қарсы иммунитетінің жоғарылығы және Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Әлімжан Андакулов пен округтің учаскелік полиция инспекторы Дастан Сақтағановтың тыңғылықты қызмет етуінің жемісі.

Егіндібұлақ ауылдық округі 1929 жылы орталығы Шиілі ауылы №52 жылқы зауыты болып құрылған. 1931 жылы орталығы Родник елді мекеніне көшірілді. 1940 жылы асыл тұқымды жылқы өсірудегі табысқа жетті. 2008 жылы ауыл атауы Бұлақты болып ауысты.

Соңғы жылдары «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Бұлақты ауылында бірқатар жұмыстар атқарылды. Оның ішінде тұрғындарға арналған демалыс алаңы мен Ақтангер жүйріктің ескерткіш мүсіні ашылды. Сонымен қатар Миялыкөл ауылына байланыс мұнарасы орнатылып, “Beeline” ұялы байланыс қондырғысы қондырылды. Бұлақты негізі мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұлақты ауылына медициналық пункт салу жоспарлануда.

Облыс әкімі Е.Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында 28 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмысын жақсарту.

Ауылдың аты айтып тұрғандай, айналасы бұлаққа толы мекеннің маңында ежелгі тарихи ескерткіштер табылған. Бүгінде Мұғалжар ауданы бойынша географиялық жағынан 5 киелі орын анықталса, соның екеуі Бұлақты маңында орналасқан. Олар —Төлеубұлақ петроглифтері мен Қарағұл кесенесі. Оның алғашқысы Төлеубұлақ қыстағының солтүстігінен 1,5 шақырым қашықтықтан табылған. Бүгінгі күні бұл ескерткіштер мемлекеттің қорғауына алынды.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰРЫНДЫҚ АНСАМБЛЬ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Бас прокуратура: қылмыс жасады деген күдік бойынша 2,5 мыңнан астам адам іздеуде

admin_mugalzhar

Ұлттық банк Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.