«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Димаш Құдайберген түріктің ұлттық музыкалық аспабын сыйға алды

2023 жылғы қыркүйекте Алматыда тұсауы кесілген Димаштың Stranger жеке концертінің бағдарламасы әлем бойынша саяхатын бастады. Әнші Түркияда 6 мамырда алғаш рет ауқымды шоуын өткізді.

Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келді.

Әр елдегі жеке концерттерінде Димаш бағдарламаға қабылдаушы елдің тілінде шығармаларды енгізуге тырысады. Түрік жанкүйерлері үшін түріктің әйгілі «Gesi Baglar» әнін орындады. Қонақжай жүргізушілер Димашқа түрік ұлттық аспабы багламаны сыйға тартты. Димаш жылы қарсы алғаны үшін түрік жеріне алғысын білдіріп, қазақ пен түрік мәдениетінің ортақ екенін айтты.

Концерттің хабарландыруында қазақстандық әртістің арнайы қонақ-түрік музыканты Бурак Йетермен дуэті түрінде тосын сый жарияланды.

Димаш пен Бурак бірлескен жұмыстың нәтижесін, Weekend композициясын ұсынды.

Ұқсас ақпараттар

239 человек эвакуированы из зоны происшествия в Жамбылской области

admin_mugalzhar

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

«ЖАСЫЛ ЕЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 180 ЖАС ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar