«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛАМАН — «АҚТӨБЕ БАРЫСЫ» АТАНДЫ

Ақтөбе қаласында «Қазақстан Барысы -2023» республикалық турнирінің Ақтөбе облысы бойынша іріктеу кезеңі өтті.
Осы додаға қатысқан жерлесіміз, Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Еламан Қойшыбаев жеңімпаз атанды.

Қарсыластарының алдын орап жеңіс тұғырынан көрінген Еламан ақтық белдесуде Әйтеке би ауданының намысын қорғаған Ерасыл Амангелдіні айқын басымдылықпен жеңіп, «Ақтөбе Барысы» атағына ие болды.


Облыстық іріктеу кезеңінде жеңімпаз бен жүлдегер атанған палуандар ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Еламан Қойшыбаев енді Астана қаласында өтетін «Қазақстан Барысы — 2023» республикалық турнирінде Ақтөбе облысының намысын қорғайтын болады.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯҒА 18 ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

93 млрд теңге әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталды

admin_mugalzhar

Жауапкершілік жүгі салмақты

admin_mugalzhar