«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Бүгін Қандыағаш қаласындағы Әлия мен Мәншүкке арналған ескерткіш алдында 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған гүл шоғын қоя рәсімі өтті.
«Ерлігі елге өнеге, ұрпаққа ұлағат» атты рәсім алдымен Алтынзер би ұжымының композициясымен ашылып, патриоттық әнмен жалғасты.
Бүгінгі қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтардың ерен ерліктерінің үлгісін көрсетіп, құрбан болған жауынгерлерді жиналған қауым бір минут үнсіздікпен еске алды.


Шарада сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Құлмағамбетов барша аудан халқын құттықтады. Одан кейін етегімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен заманда елді, жерді қорғаған жауынгерлер мен тарихта есімдері алтын әріппен жазылған батыр қыздардың ерліктеріне бас иіп, әруақтарына тағзым етіп, шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.

Гүл шоқтарын қоюға аудан мекемелері, кәсіпорындар, білім беру ошақтары және ауған соғысы, тәжік-ауған қақтығысы, Таулы Қарабақ қақтығысы, Чернобыль апатының ардагерлері қатысты. Жеңіс күніне арналған шара орталық саябақта жалғасып, жауынгерлерге арналған ескерткішке де гүл шоқтары қойылды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жастар туралы жаңа заң күшіне енді

admin_mugalzhar

Бауыржан АЛҒАЗИН: ҚАЛАМЫЗДЫҢ КӨРІКТІ БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙМЫН

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы арқылы өтетін жүк көліктер қатаң бақылауға алынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.