«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қобда ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылысы аяқталуға жақын

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тағы да тексерді.

2023 жылдың көктемінде су тасқынынан зардап шеккен 30 отбасыға арналып салынып жатқан 24 үйдің  құрылысы қарқынды жүргізілуде, «Бабек-құрылыс», «Альянс Сервис», «СтройКомСервис», «AiserStroyService» сияқты 4 мердігер компанияның 200-ден астам жұмысшысы жұмылдырылған.

Өңір басшысына жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны баяндалды. Бірыңғай жобамен бой көтеретін үйлердің ауданы 100 ш.м., қасбеттері кірпішпен қапталған, терезелері орнатылған, көпшілігінде тек ішкі әрлеу жұмыстары қалған, оларды мердігерлер бір апта ішінде аяқтауға уәде береді.

Облыс әкімі үйлерді аралап көрді.

«Барлық коммуникациялар жүргізілді, құрылыс материалдары, жұмыс күші мен арнайы техника жеткілікті, ешқандай мәселе жоқ. Күн сайын үй иелері келіп кетеді.  Жұмыстар олардың тілектерін ескере отырып жүргізілуде», – деді «AiserStroyService»” мердігерлік компаниясының басшысы Айдын Есмұханов.

«Мұнда екі айдан аз уақыт ішінде бүкіл қала өсті. Құрылыс қарқыны жоғары. Мен үйді салуға үлесін қосқан барлығына алғыс айтамын. Құрылыс аяқталғаннан кейін мердігерлер жол салуға кіріседі», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов үйлері салынып жатқан қобдалықтармен  әңгімелесу барысында.

Өз кезегінде тұрғындар су тасқыны салдарын жоюға байланысты барлық мәселелерді шұғыл шешкен облыс әкіміне ризашылықтарын білдірді.

«Сіз бірде-бір су тасқынынан зардап шеккен тұрғын назардан тыс қалмайды және барлығы баспанамен қамтамасыз етіледі деп уәде бердіңіз. Уәде орындалды, қолдауыңызға көп рахмет. Біздің тұрғын үй алабымызды «Қобда сity» деп атауды ұсынамыз», – деді ауыл тұрғыны, үйлердің бірінің иесі Насифа Алдрабекова.

Сондай-ақ, өңір басшысы су тасқынының алдын алу мақсатында салынып жатқан бөгеттің құрылысын қарап шықты.
Жалпы, бөгеттің ұзындығы 8 шақырым. Жұмыстарды «Қазгидропас» ЖШС, «АктюбстройСпецМонтаж» ЖШС жүргізуде.

Д.АЙДАР, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ БАЛАЛАРҒА ОҚУ-ҚҰРАЛ АЛЫП БЕРДІ

admin_mugalzhar

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

admin_mugalzhar

МЕЙІРІМ ОРНАҒАН ОТБАСЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.