«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігері болып Сәбит Қамбарұлы Кеулімжаев тағайындалды. Сәбит Қамбарұлы 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетін дәрігер гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында бастаған. Әр жылдары Әйтеке би, Алға, Мәртөк аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарында қызмет еткен.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша директордың орынбасары қызметін атқарып келді.

Ұқсас ақпараттар

ПОЭТИКАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ: ӘЛІППЕСІ — ӘДЕП, МІНДЕТІ — ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ

admin_mugalzhar

ОҚУШЫЛАР ЖАРЫСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar