«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жыл сайын ұйымдастырылып жүрген «Ел іші – өнер кеніші» атты аудандық байқау өз мәресіне жетті. Аудандық мәдениет үйінде өткен байқауға 10 ауылдық және 1 қалалық округ аумағынан өнерге жақын жандар қатысып, дәстүрлі, ұлттық, эстрадалық, ән, би, драма және көркемсөз жанрлары бойынша өнерлерін көрсетіп, көрермендер көзайымына айналды. Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені «Самал» бөбекжай бақша ұжымы иеленді.

Ал І орынды Батпақкөл, ІІ орынды Қайыңды ауылдық округтерінен келген өнерпаздар иеленді. ІІІ орынды Еңбек, Құмсай ауылдық округтерінен келген өнер иелері бөлісті. Жеңімпаздарды аудандық мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина арнайы Дипломмен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Ұқсас ақпараттар

Жасанды интеллект – жаңа дәуір бастамасы

admin_mugalzhar

САЛАМАТ КҮМІС, ӘДІЛХАН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНГЕНІ ДҰРЫС

admin_mugalzhar