«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ТЕГІН ОҚУ КУРСЫ

«AMANAT» партиясы мен HALYK BANK бірлесіп қолға алған «Қарызсыз қоғам» жобасы өз жұмысын жалғастырып жатыр. Аталған жоба аясында Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар, Қобда, Хромтау, Байғанин, Қарғалы аудандарында 558 адам қаржылық сауатын арттырды.

— Оқыту курсы тұрғындарға ұнап жатыр. Халыққа пайдалы жоба екені жиі айтылуда. Ауыл азаматтары қаражатты үнемді, тиімді жұмсауды үйреніп келеді. «AMANAT» партиясы мен HALYK BANK-тың өкілдері ауылдарды аралап, тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруда. Қаржылық сауатты арттыру курсына көп балалы аналар, студенттер, кәсіпкерлер, бюджет саласының мамандары қатысып жатыр. Мәселен, жобаға қатысушылар арасында Мұғалжар ауданында жеке кәсібін ашқысы келетін адам көп. Олар бизнес жоспар құруды, мемлекеттік гранттар мен банктің тиімді құралдарын дұрыс пайдалануды үйренуде. Ауыл тұрғындары қаржыны тиімді жұмсап, табысты арттыру жолдарын білгісі келеді. Осы мақсатта қатысушыларға түрлі дәріс өткізіп, үй тапсырмасын береміз және пайдалы мәліметтермен бөлісеміз. Сарапшылар кірісшығысты есептей білуді, қаржыны ұтымды жоспарлауды, дұрыс мақсат қоюды үйретеді. Әдетте несие төлемін кешіктірген адамдар банк қызметкерлерінен бой тасалап, тұтқаны көтермейтінін немесе телефон нөмірін ауыстырып тастайтынын атап өтті. Яғни, тұрғындар банкке барып, жағдайын түсіндіруден тартынады. Мамандар жауапкершіліктен жалтармай, банк қызметкерлерімен диалог құруға кеңес береді. Себебі жағымсыз несие тарихы бар адамдар мемлекеттік бағдарламаларға, жеңілдікпен берілетін несиеге үміттене алмайтынын ескергендері жөн, — дейді «Amanat» партиясының Мұғалжар ауданы филиалының консультанты Ерлан Бақберген.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Ауылшаруашылығы министрі ақтөбелік шаруалармен кездесті

admin_mugalzhar

Акиматам поручено продолжить работу по стабилизации цен на социально значимые товары

admin_mugalzhar

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНА ЖОЛДАУ БАСТАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.