Кәсіп ашып, нәсібін көруді мақсат еткендерге мемлекет қайтарымсыз 1 млн 380 мың теңге көлемінде грант береді. Бұл грантқа «Бастау-Бизнес» жобасына қатысып, сертификат алғандар қатыса алады. Осы жылы аудан бойынша өз бизнес идеясын жүзеге асыруға ниетті 44 жұмыссыз-ға қайтарымсыз грант беру жоспарлан-ған.
Аудандық жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, осы жылдың қаңтар айынан бастап кәсіпкерлік негіздерін оқуға 208 адам өтініш берген. Соның ішінде 155 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған.
— Өз бизнес идеяларын іске асыру үшін жалпы саны 44 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған еді. Бұл грантқа ие болу үшін ол адамдар жұмыссыз не болмаса аз қамтылған отбасы мүшелері болуы шарт. 2023 жылдың наурыз айында 10 мүгедектігі бар және көпбалалы, мүгедек бала асыраушы ретінде тіркелген жұмыссыздарға 13 млн 800 мың теңге көлемінде грант берілді. Олар өздерінің бизнес жоспарларын әкеліп, құрылған комиссия алдында қорғап шықты. Жылдың аяғына дейін қал-ған 60 млн 720 мың теңгені игеруді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта тағы да тың бизнес идеялары бар қатысушыларды күтеміз, — деді жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Венера Урумбаева.