«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Каирде Бейбарыс Сұлтан мешітінің ашылу салтанаты өтіп жатыр

Бүгін аумағы 10 мың шаршы метрден асатын Сұлтан Бейбарыс аз-Захир мешітнің ашылуы өтеді, деп жазады BAQ.KZ-тің Каирдегі тілшісі.

2007 жылы Қазақстан мен Египет үкіметтері арасында келісімге қол қойылды, оның аясында мешітті қалпына келтіру жобасы бекітілген еді. Шартқа сәйкес Қазақстан құрылысты жандандыруға і 4,5 миллион доллар бөлді, ал қалғанын Египет тарапы қолға алатынын мәлімдеген еді. Бұл жоба 2011 жылы аяқталуы тиіс еді.

Бірақ Египеттегі саяси және экономикалық дағдарысқа байланысты рестоврация ұзаққа созылып кетті. Жалпы қалпына келтіру жұмыстары бір тоқтап, бір жалғасты. Ақыры 2018 реконструкция қайта басталып, биыл аяқталып отыр.

Бүгінгі салтанатты іс-шараға сенат спикері Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан делагециясы арнайы келді. Делегация құрамында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Ақпарат және қоғамдық даму минисрті Дархан Қыдырәлі бар. Қазір ресми бөлімнен кейін тараптар халықаралық ғылыми конференция өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ мешіттің хронологиялық тарихы бейнеленген суреттер көрмесі ашылды.

Сондай-ақ бүгін кешке Каирдегі (Каир уақытымен) Қазақстанның мәдениет күндері аясында концерт ұйымдастырылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Ұлы қолбасшы Бейбарыс Сұлтан атындағы көше ашылған еді. Сондай-ақ, Атырауда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын.

Ұқсас ақпараттар

1881 отбасы біржолғы әлеуметтік төлем алды

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

admin_mugalzhar

БҮГІНГІ ТАҢДАУ — ЕРТЕҢГЕ ЖОЛ АШАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.