«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 14 мың ата-ана баласы өскенде ЖОО-да білім алуы үшін депозитке ақша жинап жатыр

ҚазАқпарат — Елімізде 14 149 AQYL мемлекеттік білім жинақтау депозиті ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл депозиттің мақсаты – оқу ақысын төлеу үшін ақша жинақтау.

Бастапқы жарна — 3 АЕК, яғни 10 350 теңге.

Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.

AQYL білім депозитін ашу үшін екі құжат қажет: ата-аналарының бірінің жеке куәлігі және баланың туу туралы куәлігі мен ЖСН.

Салымшы білім грантына ие болса, депозиттен жинақты алуға, ақшаны басқа баланың атына аударуға және білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыруға құқылы.

Ұқсас ақпараттар

Заң мен тәртіп: Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты төмендету шаралары қабылдануда

admin_mugalzhar

Ербол Данағұлов жаңа қызметке тағайындалды

admin_mugalzhar

Ұшақ апатына байланысты 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

admin_mugalzhar