«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТІЛСІЗ ЖАУДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМА!

Суға шомылу маусымы басталғалы облыс бойынша 7 оқиға тіркелді. Оның төртеуі қайғылы жағдаймен аяқталып отыр. Оның ішінде басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер. Бұл кезеңде төтенше жағдайлар қызметкерлерінің де жұмысы ауырлай түсетіні анық. Жағажайларда, су айдындарында ескертпелер ескерткіштей тұрса да, елемейтіндердің қатары көп екенін айтады олар. Суға шомылу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың арты қайғы мен қасіретке алып келері маман айтпай-ақ белгілі нәрсе. Дегенмен қауіптің алдын алу шаралары жүргізілуі тиіс, ол ақиқат. Сол себепті, аудан аумағында осы мақсаттағы қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы төменде тарқатамыз.

Жаз айы керемет мезгіл болғанымен, тәртіпке бағынбай, демалыс орындарында аса сақтықпен жүрмесең, жазатайым жағдайға ұшырап, мертігіп, тіпті өмірмен қоштасатындай жағдаймен қауышуың мүмкін. Өткен жылғы дерек бойынша, ауданда суға шомылу маусымында екі қайғылы жағдай тіркелген екен.
2023 жылдың 13 маусымына Ақтөбе облысы көлемінде 7 адамның, оның ішінде 4 баланың суға кетіп қайтыс болу дерегі орын алып отыр. Мұғалжар ауданы әкімінің 2023 жылғы 29 мамырдағы №191 қаулысына сәйкес аудан бойынша 3 коммуналды жағажай ашылды. Коммуналды жағажайлар Ембі қаласында, Бірлік ауылында, Жем өзені жағалауында және Сағашилі ауылы Темір өзені жағалауында орналасқан. Сонымен қатар Ақкемер ауылы аймағында Елек өзені жағалауында жеке жағажай ашылды. Биылғы жылдың мамыр айының 25-29 күндері аралығында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің сүңгуірлерімен барлық жағажайлардың су түбі әр түрлі шыны, тас секілді басқа да адамға қауіп төндіретін заттардан тексерілген болатын. 2022 және 2023 жылы коммуналдық және жеке жағажайларда кезекшілік ететін құтқарушы-жасақшылар Ақтөбе қаласында облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген арнайы дайындықтан үнемі өтіп келеді. 2022 жылдың суға түсу маусымы кезеңінде Мұғалжар ауданында екі адамның суға кету дерегі тіркелді. Тергеу жұмыстары көрсеткендей, суға батып қаза болу фактілері көбіне азаматтарымыздың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан орын алып жатады. Суға түсуге тыйым салынған жерлерде суға шомылу салдарынан және жағажайларда арнайы белгіленген жерлерден шығып кету, немқұрайлы қарауынан қайғылы оқиғалар орын алып жатады, — дейді Мұғалжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мақсат Рятов.

Мұғалжар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, полиция, ауылдық жерлерде құрылған өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлерімен, еріктілермен күнделікті су айдындарына рейд жұмыстары жүргізіліп келеді. Суға түсу маусымы басталмас бұрын және күнделікті әр түрлі ақпарат көздеріне, әлеуметтік желілерге суға түсу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті сақтау бойынша алдын алу мақалалары да салынуда. Суға түсуге тыйым салынған жерлерде суға түскені үшін полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 364 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалады. Мамандар әкімшілік іс негізінде тұлғаға бірінші «ескерту» берілсе, қайта қайталанатын болса, айыппұл салынатынын ескертеді.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері суға түсу орындарында алкогольді сусын ішіп, қоғамдық орындарда мас күйде жүрсе, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440 бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылып, 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынатындығын айтады. Егерде суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде балалардың суға түскені анықталатын болса, онда жауапкершілікке ата-аналары да қоса тартылады. Жалпы қауіпсіздіктің алдын алу негізінде аудан бойынша 30- ға тарта суға түсуге рұқсат етілмеген жерлер анықталып отыр. Ол жерлерге «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылды. Сонымен қатар аудан бойынша 3 коммуналдық және 1 жеке жағажай бар. Нысандарда жалпы саны 8 құтқарушы қызмет атқарады.

Жеңіс Абдырахман, Ембі қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы:
Ембі аймағындағы жағажай суға түсуге болатын аймаққа жатқандықтан қауіп мөлшері аз. Әкімшіліктен бекітілген мамандар арасында кезекшілік қойылды. Күнбе-күн кестеге сәйкес қадағалау жұмыстары жүргізіліп отырады. Қазіргі таңда жағажайдың жанында орналасқан шағын дүңгіршекте екі қызметкер жұмыс жасайды. Олар ақылы қоғамдық қызметіндегі жандар. Өмір үшін жанталасқан адамдарға көмектесу — кәсіби ғана емес, адами міндет деп түсінеміз. Тұрғындардың басым көпшілігі суда жүзе алмаса да, өз өмірін қатерге тігіп жатады. Бұл өте қауіпті әрі қатер туғызуға әкелетін жағдай. Осыған сақ болуға шақырамын. Суға түсу үшін жүзе білу керек. Құтқарушылары жоқ, белгіленбеген жерлерде суға түсетіндер көп. Әр адам өз өміріне жауапкершілік танытса дейміз.
Еркін Исабаев, «Ақкемер» жағажайының басшысы:
Жағажай 2019 жылы ашылды. Аумағы жарты гектар, су көлемі 12/20 шаршы метрді құрайтын аймақта демалатын сәкілер мен киіз үйлер орналасқан. Арнайы тамақ, кәуап жасап, самаурынға шай қайнатамын дегенге барлық құралдар мен ыдыс-аяқтар қамтылған. Жағажайға кіру құны: балаларға — 200 теңге (3-13), 3 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін, ересектерге — 500 теңге. Демалушылар катамаранмен, арнайы балондармен суға түсе алады. Өзіміз құтқарушыларға арналған оқу-жаттығу жиынына қатысып, сәтті аяқтап, жақсы деген баға алып келдік. Суды күнде тазалаймыз. Өзім басшысы әрі құтқарушысы болғасын, түнімен де, күнімен де түнеп қалатын кезім жиі кездеседі.

Жауапсыздық жарға жығатыны белгілі. Осы орайда жоғарыдағыларды басшылыққа ала отырып Мұғалжар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарына және қонақтарына төмендегідей қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ҚЫС-2024: ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, АУЫЛ?

admin_mugalzhar

Ертең Үкімет отырысы өтеді

admin_mugalzhar

Биыл 150-ге жуық елді мекенге интернет қосылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.