«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КЕН ОРЫНДАРЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жаз айлары басталысымен тамақтан улану қаупі артады. Осы орайда аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары “Фирма Best Service LTD” ЖШС-нің Жаңажол кен орнында орналасқан орталық асханасының қызметкерлеріне “ХАССП жүйесін енгізу туралы”, “Халық арасында тағамнан уланудың және жіті ішек ауруларының, оның ішінде сальмонеллез ауруының алдын алу”, “Ботулизм ауруының профилактикасы” тақырыптарында семинар өткізді.

Семинар барысында асхана қызметкерлерінің жиі қолданатын консервіленген тамақтарды тұтынарда сақтық ережелерін ұстану керектігі туралы, салғырттық танытса, адам денсаулығына тиер зияны жайында түсіндірілді.

— Негізінен қысқы кезеңге үй жағдайында дайындалған (саңырауқұлақтар, қиярлар, қызанақтар, кәділер және т.б.) консервіленген көкөністерге ерекше назар аудару қажет. Сапасыз консервіленген, ауа кірмейтін, герметикалық жабық банкадағы көкөністер ауру қоздырғыштарының өмір сүруі үшін қолайлы. Түсі, иісі және дәмі жоқ микробтар жылан уынан 250 есе күшті токсиндер бөледі. Бұл токсиндер ағзаға енген жағдайда дені сау ағзада ауыр ботулизм ауруы туындап, асқынуынан өлімге әкелуі мүмкін. Консерві қақпағы сәл көтерілуі (бомбаж) байқалса, немесе өнімнің сапасына қандайда бір күдік туындаса, өнімді қолданудан бас тартқан абзал,- деді Мұғалжар аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық басқармасының бөлім басшысы Радина Иржанова.

Сонымен қатар кездесу барысында осындай вахталық кен орындарда, жалпы тамақтануға арналған жерлерде талапқа сай келмейтін, тамақтан уланудың топтық жағдайлары тіркелген жағдайда, халықтың санитарлық-эпидемиялогиялық саламаттығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425 бабы 2-ші тармағына сәйкес жеке тұлғаларға — 30, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 230, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 310, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны айтылды.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

20-22 шілде – Құрбан айт мерекесі – құрбан шалу тәртібі қандай?

admin_mugalzhar

АЗАН ШАҚЫРУДАН ЖАРЫСТЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы елімізде алғаш болып IT-медицинаны дамытады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.