«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

30 тамызда самокатқа қатысты жаңа заң күшіне енеді

Шағын электр көлігі құралдары мен самокаттарды пайдалану ережесі бекітілді, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Жаңа заң 30 тамыздан бастап күшіне енеді. Енді самокат тізгіндейтіндер нені ескеруге тиіс? Электр самокаттардың, шағын электр көлік құралдары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері айқындалды. Енді шағын көлік құралын тізгіндеген жандар жол ережесін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Анар Алтынбекова, ҚР ІІМ Астана қалалық Полиция департаментінің аға инспекторы:

Жыл басынан бері электр самокат, велоспиед, мопед жүргізушілерінің қатысуымен 50-ден астам жол-көлік оқиғалары орын алды. Электр самокат жүргізушілеріне жол жиегімен шектеусіз жүруге, жаяу жүргіншілерге қауіп төндірмей, сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруге рұқсат етіледі. 

Электр самокат жүргізушілері жүк тасымалдау ережелерін де бұзбауы тиіс. Қазір Астана қалалық Полиция департаментінің өкілдері қала тұрғындарына жаңадан қабылданатын заңдағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елордада шерингтік компания мүшелерінің ұйымдастыруымен самокат жүргізушілеріне қарапайым жол ережелерін түсіндіретін арнайы шара өтті. Қызығушылық танытып келген тұрғындар самокатпен кедергілерден өтіп, жүргізушілік қабілеттерін шыңдады.

Парламент қабырғасында бұл заң жобасы қызу талқыланды. Мәжіліс депутаттары бірқатар бастамалар көтерді. Нәтижесінде ұсынымдар ескеріліп, заңға өзгерістер енді. Енді электрлі көлік жүргізушілерінің жауапкершілігі артады. Ереже сақтамағандар заң алдында жауап береді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙТАЛАМА ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ТМД байқаушылар миссиясы сайлау науқанын мониторингілеуге кірісті

admin_mugalzhar

ТАЗАЛЫҚ СІЗ БЕН БІЗ ДЕН БАСТАЛАДЫ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.