«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАС СПОРТШЫМЕН КЕЗДЕСУ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жас спортшы Эльдар Сатаев пен жаттықтырушысы Сергей Ведюшкинді қабылдады.

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Эльдар маусым айында Қарағанды қаласында өткен ауыр атлетикадан 2009 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 45 келі салмақта сынға түсті. 121 келі зілтемірді көтерген Элдьдар чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындады.

Кездесуде аудан басшысы Дархан Жанысханұлы Элдьдарды Қазақстан Республикасының Спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындауымен құттықтап, биік белестерді бағындыру жолында аянбай еңбек етуге және жарқын жетістіктерге жетуге сәттілік тіледі.

Қабылдау барысында жас спортшыға Алғыс хатпен естелік сыйлық табысталды.

Ұқсас ақпараттар

ДІН МӘСЕЛЕСІН ТҮСІНДІРУ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

Президент Жолдауын жүзеге асыру: 28 мың қызметкердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік бақылау және «Тәуекелдер картасы» арқылы жарақаттануды 11%-ға төмендету.

admin_mugalzhar

Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады

admin_mugalzhar