«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ГАЗЕТТІҢ КӨМЕГІ ТИДІ

Қалбике ЖҰМАНИЯЗОВА:

-Жуырда аудандық «Мұғалжар» газеті редакциясынан журналист хабарласып, біздің отбасылық кәсіп туралы жазған еді. Шыны керек, оған дейін газет дегенді көп біле бермейтінбіз. Баяғы сол «газетті кім оқиды» деген пікір қалыптасып кеткен. Біз де солардың қатарынан едік.

Газетке кәсібіміз туралы жазылып, жарияланғаннан кейін, шынын айту керек, газеттен, әлеуметтік желіден көрген тұрғындар бізді іздеп, тапсырыс берушілер саны артты. Бұл дегеніміз – «газетті ешкім оқымайдының» теріс пікір екенін дәлелдеп тұрғандай. Аллаға шүкір, қолдан басып жатырған кірпішімізге де сұраныстар көбеюде. Менің де мақта және жүн түту бойынша кәсібіме тапсырыстар артуда. Қазіргі таңда осы кәсіптерімізден ажырамай, тынбай еңбектенудеміз. Барынша дамытып, тоқтатпауға тырысып келеміз. Басында «Мұғалжар» газетінен хабарласып тұрмыз, кәсіптеріңізді жазайық» дегенде, қалай болар екен деп сәл тартқыншақтаған болатынмын. Қазір келісім бергеніме өкінбеймін. Бүгінде «Мұғалжар» газетін үзбей оқып отырамын, әлеуметтік желілердегі парақшаларын да қараймын. Аудан жаңалықтарын, жасалып жатқан жұмыстарды, кәсіпкерлерге бөлініп жатқан гранттарды осы газеттен біліп отырмын. Ең бастысы, газет бетінде есімімнің жарияланғаны, менің тарихта қалғаным екені анық. Себебі, газеттің тарих екеніне, ақпарат майданында өзіндік қару болып табылатынына бүгінгі күні көзім анық жетті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда сәуір айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

«Ақтөбе» футбол клубы соңғы 7 жылда алғаш рет жеңіс тұғырынан көрінді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.