«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жұмыс сапарымен Ембі қаласында болып, қала бойынша бірқатар нысандарды аралады.

Аралау барасында аудан басшысы Дархан Жанысханұлы жаңадан салынып жатқан 320 орындық Ембі қалалық №3 орта мектебі мен мемлекеттік жеке серіктестік негізінде салынып жатқан балабақшаның, Ембі қалалық №7 орта мектебінің спорт залының, көше жолдарының құрылыс жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар бұрын салынып аяқсыз қалған темір жол үстінен өтетін көпірдің жай-күйін біліп, Ембі қалалық қызмет көрсету саласы колледжіннің жаңарту, жатақханасын кеңейту бойынша мүмкіндіктерін қарады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты аудан басшысы жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда биыл 18 миллион тонна астық жинау жоспарланған

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ: ТАЗАЛЫҚҚА ДА ЖАУАПКЕРШІЛІК КЕРЕК

admin_mugalzhar

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР және ДІН – ТӘРБИЕНІҢ ДІҢГЕГІ

admin_mugalzhar