«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әлімбет ауылындағы газ құбыры пайдалануға берілді

2022 жылы Қарғалы ауданы Әлімбет ауылын газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Жобаны аяқтау 2023 жылға жоспарланған еді.

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Аудандық газ шаруашылығы газ желісіне зерттеу жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша Әлімбет ауылы жаңа газ құбырын іске қосуға рұқсат алды.

Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев нысанды пайдалануға беру шарасына қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

Көптен күткен көгілдір отын Әлімбет ауылының тұрғындары үшін енді қолжетімді. Игілікті іс үшін ауыл тұрғындары алғыстарын білдірді.

Д.АЙДАР, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МЕДИАТОРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

admin_mugalzhar

Дауыс беру үшін eGov Mobile қосымшасын пайдалану ұсынылды

admin_mugalzhar