«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Газбен жүретін көліктер арнайы белгі орнатуға міндеттелді

Арнайы белгі жабық паркингке кірген кезде көліктерді оңай ажыратуға және тиімді бақылауға көмектеседі. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап газбен жүретін автокөліктерге арнайы белгі жапсыру міндеті енгізілді, деп хабарлады Mugalzhar.kz. baq.kz-ке сілтеме жасап.

СИМ техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 24 қарашадағы бұйрығына сәйкес, «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес, жаңа жылдан бастап қазақстандықтар газбен жүретін автокөлігіне арнайы белгі қоюға міндеттелді.

Арнайы белгі – жиегі қара түсті және «GAS» деген жазбасы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш.

Ұқсас ақпараттар

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

admin_mugalzhar

МҰНАЙШЫЛАРМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Берік Асылов, Бас прокурор: Бұл құжат жаңа дәуірдің іргетасына айналады

admin_mugalzhar