ҚР ІІМ өкілдері жаңа туған балаларға ЖСН беру тетігін енгізу және оның оң әсерлері туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Polisia.kz жазуынша, биылғы маусымнан бастап ІІМ Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Әділет, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесіп, балаларға туғаннан кейін бірден жеке сәйкестендіру нөмірін беру бойынша жаңа пилоттық жоба іске қосылды.
Бүгінде 7 мыңнан астам жаңа туған балаға ЖСН берілді.
«Егер бұрын ЖСН балаға ата-анасы АХАТ органдарына туу туралы куәлік алу үшін жүгінген кезде ғана берілсе, енді ЖСН балаға проактивті форматта туғаннан кейін, яғни туу туралы куәлік берілгенге дейін және Т.А.Ә. берілгенге дейін беріледі», делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Енгізілген жаңа тетік аясында жаңа туған сәбиге ЖСН беру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде оның туу фактісін бір мезгілде көрсете отырып, туу туралы медициналық куәлікті қалыптастыру кезінде перзентханада автоматты түрде жүзеге асырылатынын ескере отырып, бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және бала саудасының ықтимал жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.
«Сонымен қатар бұл жаңа туған нәрестелердің толық есебін жүргізуге ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, осылайша азаматтардың мемлекет қабылдайтын іс-әрекеттер, мемлекеттік қолдау шаралары мен қызметтер туралы хабардарлығын арттырады. Мәселен, балаға ЖСН берілген кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына келіп түседі, ал ата-аналарға қандай да бір құрылымдарға жүгінудің қажеті жоқ, өйткені жүйе мемлекеттік қызметтер кешенін көрсету үшін құжаттарды автоматты түрде сүйемелдеуді және дайындауды бастайды», делінген хабарламада.