«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ел тұрғындары наурыз айында 14 күн демалады

2024 жылдың наурыз айында ел тұрғындары мереке және демалыс күндерін қоса есептегенде 14 күн демалады, деп жазады Egemen.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

Азаматтарға арналған электронды үкімет порталында 2024 жылға арналған Республикадағы мереке және демалыс күндері жарияланған.

Кестеге сай 8 наурыз мерекесі жұма күніне тұс келуіне байланысты 8,9,10 наурыз демалыс күндері болып есептеледі.

Ал Наурыз мерекесіне орай 21,22,23,24,25 наурыз демалыс күндеріне жатқызылған.

Наурыз айының 23-і сенбіге тұс келетіндіктен 25 наурыз дүйсенбі демалыс деп белгіленген. (5 және 6 күндік жұмыс аптасына қарай демалыс ішкі тәртіппен реттеледі)

Порталда Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы екені де ескертілген.

Ұқсас ақпараттар

КӨТІБАР АУЫЛЫ: АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС КӨП

admin_mugalzhar

АРДАГЕР ҰСТАЗ ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналарын қалай аударады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.