«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰРМЕТТІ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста дауылды ескерту жарияланды.

⚠️ Қатты боран салдарынан облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеулер қойылды.

Мектептер қашықтықтан оқытуға көшті.

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қандыағаш қаласында электр желілері үзілді, кейбір мөлтек аудандарда жарық сөніп, су беруде апаттық жағдайлар орын алуда.

Аудан тұрғындары мен қонақтарынан туындауы мүмкін келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, оның салдарын жою үшін барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеуде.

📞 Егер Сіздерде жарықтың сөніп, судың тоқтауына қатысты мәселелер, басқа сұрақтарыңыз немесе қосымша ақпарат қажет болса, Мұғалжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мақсат Рятовқа (87777604729), Мұғалжар ауданы әкімдігінің бас инспекторы Арман Үсенбаевқа (87055372052) Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасарлары Жандос Кулбаев (87025812827) пен Қанат Мусинге (87022696454), Мұғалжар аудандық электр желісі мекемесінің директоры Мейрамбек Жүсіповке (87056058231), «Коммуналшы» мекемесі директорының орынбасары Салауат Жұмағалиевке (87026027292) және Мұғалжар ауданы әкімдігінің Call орталығының 87756456390 номеріне хабарласыңыздар.

🖥 Жаңалықтарда тек сенімді және ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер.

Синоптиктердің болжауынша, желді ауа райы 8 және 9 ақпанда да жалғасады. 8 ақпанда күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, боран болады. 9 ақпанда желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде кей жерлерде 25 м/с күшейеді.

Қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеміз.

Ғимараттар, құрылыстар, биік бағаналар, ағаштар, билбордтар және электр сымдарынан абай болу керек. Сондай-ақ, елді мекендерден тыс жолға шығудан бас тартуды ұсынамыз.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық көрсетіңіздер, қауіпсіздікті сақтайық!

Ұқсас ақпараттар

БАРДЫ БАҒАЛАЙЫҚ!

admin_mugalzhar

«Зейнетақы шотын бұғаттайды»: Абайлаңыз, алаяқтардың жаңа түрі шықты

admin_mugalzhar

РӘМІЗДЕР — ЕЛДІКТІҢ НЫШАНЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.