«Отау» бағдарламасы жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларды, Отбасы банкінің салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
1 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін қазақстандықтар Baspana market (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады.
Заемның максималды мөлшері:
🟡Астана, Алматы қалалары үшін — 30 млн теңгеге дейін;
🟡басқа аймақтар үшін — 18 млн теңгеге дейін.
Бастапқы жарна — 20%-дан бастап.
Сыйақы мөлшерлемесі — 9%.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
🟡ҚР азаматтығы;
🟡Алғашқы жарнаны Отбасы Банк депозитінде кем дегенде 18 ай жинау;
🟡Депозиттің минималды мөлшері — 1.000.000 тг;
🟡Соңғы 5 жылда атында үй болмауы;
🟡Ресми табыс көзі;
🟡Өтінім беру кезінде тұрақты тіркеуі болуы;
🟡Арнайы балл жиналады. Мысалы, заңды некеде болса 10 балл, баласы болса 50 балл.
Ұпайлар қалай есептеледі?
🟡Салым бойынша сыйақы мөлшері үшін — әрбір 1000 теңгеге 5 балл;
🟡Салым мерзімі үшін — салымның әрбір жылы үшін 5 балл;
🟡Тіркелген неке үшін — 10 балл;
🟡Балалардың болуы үшін — санына қарамастан 50 балл.
Сондай-ақ, Астана және Алматы қалалары үшін соңғы 3 жыл тұрақты тіркеу болуы керек. Ал басқа аймақтар үшін өтінім беру уақытында сол аймақта тұрақты тіркеуінің (прописка) болуы маңызды.
ҚР азаматтары 1 наурызда өтінім беріп, балл жинай бастайды. Ұпайы жоғары қазақстандықтар баспананы мамыр айынан бастап ала бастайды. Бағдарлама 7 жылға созылады, 50 000 адамды баспаналы етеді деп жоспарлануда.
Бағдарламаға барлығы (18-63 жас) қатыса алады, бірақ 35 жасқа дейінгі жастарға басымдық беріледі.