«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ — БАСТЫ НАЗАРДА

Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінде «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заңнаманы қолданудың тиімділігі» тақырыбы аясында еркін форматта жиын өтті.

Жасөспірімдердің білімді, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған жиынға Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Нұрзат Қайырмағамбет пен мектеп инспекторы Нұрсұлтан Убанов және жоғары сынып оқушылары қатысты. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу екенін айтқан Нұрсұлтан Убанов: «Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін қарастырар болсақ, ол кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең — бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді», — деп түйіндеді.

Жиын барысында зиянды заттар, жасөспірімдер арасында кездесетін теріс қылықтар мен заңға қайшы әрекеттердің өзіне және қоғамға тигізер зияны туралы видеоролик көрсетілді. Ал оқушылар мамандарға өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, оларға толыққанды жауап алды.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

admin_mugalzhar

DIGITAL QAZAQSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ

admin_mugalzhar

СӘНІ КЕТКЕН САЯБАҚТЫҢ СҰРАҒЫ КӨП…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.