«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады

Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар 14 күн демалады, деп хабарлайды Zakon.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Наурыз айында екі ресми мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы бар.
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурыз демалады. Яғни үш күн қатарынан.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 10 наурыз демалып, 9 наурыз жұмыс істейді.

Наурыз мейрамында (21-25 наурызда) қазақстандықтар бес күн демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 21-24 наурыз аралығында демалып, 25 наурыз -жұмыс істейді.

Ұқсас ақпараттар

ЖОЛДАУДЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

«Еңбек» бағдарламасымен 280 мыңдай адам жұмысқа орналасты

admin_mugalzhar

Шалғай аудандарды интернетпен қамтуға британдық One Web компаниясы атсалысады

admin_mugalzhar