«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА

Ақтөбе облысының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Аңсар ақпараттық талдау орталығының басшысы Тастанбек Разақ, теолог маманы Сапар Саматов және Мұғалжар аудандық Жастар арасындағы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың басшысы Әділет Маусымов мұнайшылармен кездесті.

Күн тәртібінде «Салафизм идеологиясының көріністері» және «Әлеуметтік желінің пайдасымен қауіптілігі», «Қазақтың салт дәстүрі мен ырым тиымдары» туралы тақырыптар бойынша Жаңажол вахталық кенітіндегі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «СНПС-АТК» ЖШС, «Восток нефть и сервисное обслуживание» ЖШС, «М-Техсервис» ЖШС және «Ақтөбемұнаймаш комплект» ЖШС-гі жұмысшыларына ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты, деструктивті діни идеялогияға қарсы иммунитет қалыптастыру, экстримизм мен тероризм көріністерінің алдын алу. Ел болашағына кесірін тигізетін түрлі діни секталардан қоғамды қорғау және қазақтың салт дәстүрін жаңғырту турасында мәліметтер берілді.

Тақырып аясында мұнай саласы қызметкерлері бір қатар сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптарын алды.

Ұқсас ақпараттар

Kaspi.kz тегін жеткізуге арналған Kaspi Postomat желісін іске қосты

admin_mugalzhar

Ақтөбеде магистральды газ бұру құбырының 3-ші желісі салынады

admin_mugalzhar

Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.