«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАРКЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Жаркемер ауылының электр желісі қалпына келтірілді. Көктемгі су тасқыны кезінде Жем өзенінің деңгейі көтеріліп кетуі салдарынан Жаркемер ауылының электр бағаналарын су шәйіп кеткен болатын.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Мұғалжар аудандық электр желісі мекемесі мен «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы тарапынан істен шыққан электр бағаналарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Істен шыққан құрылғылары жаңартылып, жарық іске қосылды.

Айта кетейік бұған дейін қиын сәтте «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның қолдауымен Жаркемер ауылына 100 киловаттық жылжымалы электр сатансасы жеткізілді. «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС-інің мамандары негізгі электр стансасы қалыпқа келгенше Жаркемер ауылының тұрғындарына жылжымалы станса арқылы уақытша электр желісін қосып берген болатын.

Өз міндеттерін абыроймен атқарған сала мамандарына жаркемерлік тұрғындар алғыстарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

admin_mugalzhar

ЖҰБАНОВТАР ҚОРЫМЫНА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПОЭТИКАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

admin_mugalzhar