«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Электрондық цифрлық қолтаңбаның жаңа форматы: қазақстандықтар ол туралы не білуі керек

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба форматы өзгерді. Себебі, бүгін, 2024 жылдың 30 сәуірінде криптографиялық стандартқа (бір ЭЦҚ кілті) көшу жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық сертификаттау орталығынан мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Өзгерістерге сәйкес жеке және заңды тұлғаларға ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10 – 2015 (бұдан әрі – МЕМСТ 2015) алгоритмінде ЭЦҚ-ның бір кілті берілетін болады, ол аутентификация үшін де, қол қою үшін де пайдаланылатын болады.

Заңды тұлғалардың пайдалануына арналған ЭЦҚ кілттерінің мынадай талап етілмеген түрлерін қолжетімді тізімнен алып тастау жоспарлануда:

– «Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер»;

– «Кадр бөлімінің қызметкері».

Бүгінгі күні ҚР ҰКО ашық және жабық кілттерін туындату RSA және МЕМСТ 34.310-2004 алгоритмдерінде жүргізіледі. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамуда, осыған байланысты ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Барлық бұрын шығарылған * тіркеу куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталатын болады.

Жаңа МЕМСТ 2015 алгоритмін қолдау жаңартылған NCALayer арқылы қамтамасыз етіледі. Жаңа нұсқа шыққаннан кейін, қолданба автоматты түрде пайдаланушыға NCALayer жаңартуды ұсынады.

Сондай-ақ, aKEy, 2017 жылдан бастап шығарылған KAZTOKEN және eToken негізгі ақпарат тасымалдаушылары ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10-2015-ті қолдайтынын хабарлаймыз. Қосымша ақпаратты аталған тасымалдаушыларды өндірушілерден сұрау қажет.

Ақпараттық жүйелердің иелері мен әзірлеушілері үшін ақпарат

1. МЕМСТ 2015 және RSA алгоритміндегі ҚР ҰКО жаңа тіркеу куәліктері ҚР ҰКО ресми сайтында жарияланады (жариялану күні туралы ҚР ҰКО ресми сайтында және телеграмм арнада қосымша хабарланатын болады https://t.me/nca_rk Ақпараттық жүйелер осы тіркеу куәлігін сенім білдірілген негізгі тіркеу куәліктерінің қоймасында қосымша белгілеуі қажет.

2. ҚР ҰКО жаңартылғаннан кейін пайдаланушыларға қол қою және аутентификациялау үшін Бір тіркеу куәлігі берілетін болады. ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 алгоритмінде жеке және заңды тұлғалар үшін тіркеу куәлігін беретін болады, бұл ретте жеке куәлікке және SSL-ге берілетін тіркеу куәлігі RSA алгоритмінде берілетін болады.

3. Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға тексеру үшін CRL және deltaCRL жаңа сервистері жарияланады. Бұрын шығарылған * тіркеу куәліктеріне арналған сервистер өзгеріссіз қалады.

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІДЕ ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

admin_mugalzhar

ВЫЯВЛЕНО 4 НОВЫХ СЛУЧАЯ ЗАРАЖЕНИЯ COVID-19

admin_mugalzhar

Көкпардан Ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындықты күшейткен

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.