«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында 866 шақырым автожол жөнделеді

Биыл өңірде 322 шақырым республикалық және 544 шақырым жергілікті маңызы бар автожол, оның ішінде 175 шақырым көше жолы жөнделеді. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 80%-ға жетеді, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz. 

Облыс әкімі Асхат Шахаров қаланы аралап, Мәңгілік ел, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Жұбанова және Кірпіштідегі көшелерге жол салып жатқан мердігерлермен кездесті. Жұмыс қарқынымен танысты. Өңірде биыл қанша жол қалпына келтіріліп, жөнделетіні туралы айтып берді.

2024 жылы аймақта «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» халықаралық маңызы бар тасжолын қайта жаңарту маңызды жобасы басталды. Ұзындығы 262 шақырымды құрайтын жол 7 учаскеге бөлінген. Биыл құрылыс жұмыстары 2 учаскеде жүргізіледі, оның ұзындығы – 56 шақырым. Бұл мақсатқа 16 млрд теңге бөлінді. Жол төрт жолақты болады.

Бұдан өзге, «Қандыағаш – Ембі – Шалқар» трассасын жөндеу биыл аяқталады деген жоспар бар.

Сонымен қатар, аудан орталықтары мен елді мекендерде 105 көше немесе 91 шақырымдық ауылішілік жол жаңа күйге енеді

Биыл өңірде 322 шақырым республикалық және 544 шақырым жергілікті маңызы бар автожол, оның ішінде 175 шақырым көше жолы жөнделеді. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 80%-ға жетеді.

Облыс әкімі Асхат Шахаров қаланы аралап, Мәңгілік ел, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Жұбанова және Кірпіштідегі көшелерге жол салып жатқан мердігерлермен кездесті. Жұмыс қарқынымен танысты. Өңірде биыл қанша жол қалпына келтіріліп, жөнделетіні туралы айтып берді.

2024 жылы аймақта «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» халықаралық маңызы бар тасжолын қайта жаңарту маңызды жобасы басталды. Ұзындығы 262 шақырымды құрайтын жол 7 учаскеге бөлінген. Биыл құрылыс жұмыстары 2 учаскеде жүргізіледі, оның ұзындығы – 56 шақырым. Бұл мақсатқа 16 млрд теңге бөлінді. Жол төрт жолақты болады.

Бұдан өзге, «Қандыағаш – Ембі – Шалқар» трассасын жөндеу биыл аяқталады деген жоспар бар.

Сонымен қатар, аудан орталықтары мен елді мекендерде 105 көше немесе 91 шақырымдық ауылішілік жол жаңа күйге енеді.

Облыс орталығында 80 шақырымнан астам жол жөнделеді. Қазіргі уақытта Ақтөбедегі Мәскеу ауданындағы жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарда биыл аяқталады. Сондай-ақ, Алтын Орда шағын ауданында Сәңкібай батыр даңғылынан Оңтүстік айналма жолға дейін төрт жолақты айналма жол салынады. Сол учаскеден Мәңгілік ел көшесінің жолын салу жалғасады. Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан мектептерге кіреберіс және тұрғын алаптары жолдарының құрылысы басталады. Жөндеу республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады.

«Ақтөбе қаласында 198 көшені жөндеуге шарт жасалды. Дегенмен, бұның бәрі биыл пайдалануға беріледі дегенді білдірмейді. Біз алдымен, қоғамдық көлік жүретін жолдарды және оқу орындарының кіреберіс жолдарын ретке келтіреміз. Сондай-ақ, облыс орталығындағы тағы 18 көшені жөндеу үшін келісімшартқа қол қою жоспарлануда. Оған 7 миллиард теңге қажет. Орташа жөндеуді қажет ететінтасжолдарда да жұмысты жүргізу керек. Қаражаттың мүмкіндігіне қарай, жұмысты жалғастырамыз», – деп қорытындылады облыс әкімі.

Ұқсас ақпараттар

ВЫ НЕ ОДИНОКИ: ПОПРОСИТЕ О ПОМОЩИ И ВАМ ПОМОГУТ

admin_mugalzhar

Елдегі дүкен сөрелерінде темекіні ашық сатуға тыйым салынады

admin_mugalzhar

Енді қазақстандықтар елге ПТР-анықтамасыз орала алады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.